$ 494.87  520.65  4.91

Подобедова, Чиншанло және Манеза Олимпиада алтынынан айрылды

Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпиондары Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза бұл атақтан айрылды. Халықаралық олимпиада комитеті Лозаннада өткен жиында осындай қатаң шешім шығарды деп жазады Informburo.kz.

Яғни, Қазақстан ұлттық құрамасы Лондон олимпиадасында жеңіп алған 3 алтынынан айрылып отыр. Мұндай шешім қазақстандық атлеттердің допинг пайдаланғаны анықталғаннан кейін қабылданған. Олар Stanozolol, Dehydrochlormethyltestosterone және Oxandrolone сынды тыйым салынған препараттар қолданған көрінеді.

Манеза мен Подобедова бұған дейін де бір рет допинг дауына ілінген болатын. Сондықтан, олардың үшеуі де 8 жылға дейін спорттан шеттетілуі мүмкін. Ал, Чиншанло бұған дейін допинг пайдаланып ұсталмағандықтан, ол 4 жылға дейін жарыстарға қатыстырылмауы мүмкін.

Сонымен қатар, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы да бір жылға барлық жарыстардан шеттетілуі ықтимал. Бұл жайында IWF президенті Тамаш Аян мәлімдеді.

Ал, допинг дауына ілінген Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің тағдыры жақын күндері шешілуі тиіс. Ильинмен бірге Пекин мен Лондонда жүлде алған өзге қазақстандық ауыратлеттердің де мәселесі қаралуда. Олар: Мария Грабовецкая, Ирина Некрасова, Владимир Седов және Алмас Өтешов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары