$ 443.44  480.51  4.88

Ақтаулық палуан дзюдодан аса ауыр салмақта халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Дзюдодан Ақтауда өтіп жатқан халықаралық тунирде Маңғыстау облысының намысын қорғаған жас палуан Нұрдәулет Жарылғапов жарыс жеңімпазы атанды. Ол 100 келіден ауыр салмақ дәрежесінде белдесуге түскен болатын.

Нұрдәулет Жарылғапов өзінің барлық қарсыласынан басым түсіп, барлық мүмкіндіктерін 100 пайызға пайдаланып, ең биік тұғырға көтерілді. Жас спортшының бапкерлерінің айтуынша, ақтаулық палуан татамидегі барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген. Ол аса ауыр салмақта күрессе де кілемде өзін өте еркін ұстайды дейді жаттықтырушылары.

Айта кетейік, Нұрдәулет Жарылғапов дзюдо мен қазақша күрес спорттық мектебінің шәкірті. 2015 жылы ол 100 келіден ауыр салмақта облыстық турнирде екінші оры алып, чемпион Мейрамбек Жаңабаевпен бірге республикалық жарыста Маңғыстау облысының намысын қорғаған болатын. Ол қазақша күрестен спорт шеберіне үміткер, жастар арасында ел біріншілігінің қола жүлдегері (2015 ж.).

Ақтауда дәл қазір өтіп жатқан дзюдодан халықаралық турнир 14 қазан күні басталған болатын. Қазір финалдық белдесулер өтуде. Жарысқа 1996-1997 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар қатысуда. Араларында бұған дейін ел чемпионаты мен халықаралық турнирлерде топ жарған палуандар да бар.

Жалпы, аталған жарысқа Қазақстан спортшыларынан бөлек Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстаннан палуандар келген. Олардың да өкілдері бүгін финалдық белдесулерге жолдама алып, чемпиондық үшін таласып жатыр.

Жарыстың толыққанды нәтижесі қосымша жарияланатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары