Қазақстан Велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов 2020 жылға дейін атақты «Тур де Франс» көпкүндігінің алғашқы кезеңдерін елімізде өткізу үшін келіссөздер жүргізбек ниетте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz
«Қазір бұл сөзім әзілге ұқсап тұрған шығар. Бірақ, Йоркширдің тәжірибесі бізді қызықтырып отыр. «Тур де Франс» велоспорт ретінде ғаламдық оқиға болды, 5 миллион адам көшеге шығып қолдаған сәтте барлығының да толқығаны белгілі.
Ал, біздің идея, алдағы уақытта осы тәжірибені Қазақстанға алып келу. Йоркширдегі дайындыққа үш жыл уақыт кеткен. Менің ойымша, біз де осы уақыт аралығында дайындалып үлгереміз» деді Келімбектов.