$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбелік жанкүйерлер стадион басшысына қарсы ереуілдетіп жатыр

Ақтөбелік жанкүйерлер Қобыланды батыр атындағы стадион басшысының қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Чемпиондар лигасы аясындағы жергілікті команданың ойынына билет бітіп қалғанын олар стадион басшысы Қажымұқан Демеуевтен көріп отыр. «Демеуов отставкаға кетсін», дейді олар.

«Жанкүйлер стадион директорына қатты өкпелі. Тәртіп сақшылары қоршап алмағанда, кабинетіне баса көктеп кіруге де шақ қалды. Себебі, «Ақтөбе» мен румындық «Стяуа» командасының арасындағы бүгінгі ойынға кешенің өзінде-ақ билет бітіп қалған. Оны алыпсатарлардың қолында кетті деген жұрт мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынына қапалы. Билеттерді бір жерден емес, қаланың әр бұрышынан арнайы қондырғымен сатуды бұрын да ұсыныпты. Бірақ Қажымұқан Демеуовтің жанкүйерлермен санасатын түрі жоқ», делінген телеарна сюжетінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары