$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Универсиаданы ең жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін барлық шараларды қолдануда

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Алматыда Универсиада-2017 өткізуге дайындықты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді деп жазады Үкімет басшысының ресми сайты.

Б. Сағынтаев Универсиада жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі керектігін, себебі мұндай жарыстар спортсүйер қауымды көптеп тартатынын атап өтті.

Премьер-Министр Алматы әкімдігіне, Мәдениет және спорт министрлігіне барлық ұйымдастырушылық кезеңдер бойынша және еліміздің құрама командасын дайындау бойынша сәйкес жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Премьер-Министр облыстар, Астана және Алматы әкімдеріне Дүниежүзілік Универсиада Алауы эстафетасының өңірлік кезеңдерін өткізуді айрықша бақылауға алуды тапсырды.

Еске салар болсақ, 2017 жылғы Алматыдағы Универсиада 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 50-ден астам елден 2 мың спортшы қатысады. Сайыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары