$ 480.55  533.75  5.36

Таукентте «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық жарыс өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орай ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кентінде «Болашақ» балабақшасында «Шынықсаң шымыр боласың» атты балабақша ұжымы арасында спорттық жарыс өтті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның мақсаты Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын, мектеп және балабақша оқытушылары арасында мәдени өмір мен спорттың дамуы, достастықтың нығаюы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

«Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысы ұйымдастырылып, шара өте тартысты өтті. Сайысқа балабақша қызметкерлерінен құралған «Қыран», «Сұңқар» топтары қатысып берілген шарт бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шеңбер ішінде ұйымдасқан ұжым болып 4 адамнан құралған 2 топ өнер көрсетті, БПҰ мүшелері,тәрбиешілер қауымы өздерінің шапшаң, алғыр екендіктерін дәлелдей түсті. «Арқан тартыс» шартында «Қыран» тобы өздерінің мықтылықтарын танытты. «Сұңқар» тобы екі қолдарына доп ұстап, кедергілер арасынан өтіп межеге жетуге алдарына жан салмаған барлық қатысушылар мен көрермендер қошеметіне бөленді. Сайыс соңында шарттарды шапшаң, қатесіз және ептіліктерін көрсетіп ойын көрсеткен «Қыран» тобы 1 орынға, «Сұңқар» тобы 2 орынға ие болды. Сайыс бойынша жеңімпаздарға демеушілердің есебінен сыйлықтар берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары