$ 474.72  515.17  5.58

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Орталық стадион пайдалануга берілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының орталығы саналатын Шолаққорған ауылындағы орталық стадион пайдалануға берілді. Салтанатты түрде ашылған орталық футбол стадионының ашылуына аудан әкімі М.Исаев, ардагер спортшылар, аудан тұрғындары қатысты деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құттықтау сөз сөйлген аймақ басшысы: «Орталық стадионда алдағы уақытта түрлі спорттық әрі мәдени шаралар өткізетін боламыз. Ауыл тұрғындары спортпен айналысып, Елбасы Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жандана түседі»- деді. Сондай-ақ, ардагер спортшы Т. Батыров құттықтау сөз сөйлеп: «Созақ спортының соңғы жылдарда өсіп өркендеп, үздік нәтиже көрсетіп жатқанын айта келе, мұның бәрі спорт ғимаратының соғылып жатқанымен тікелей байланысты» - деп. барша аудан тұрғындарын құттықтады.

Айта кету керек, Созақ ауданының 80 жылдығы қарсаңында салынған ауылдық стадион аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің қарамағында. Содан түрлі спорттық жарыстар, мәдени іс шаралар өткізіліп, бері жөндеу көрмеген

Қазақстан Респбуликасы «Жол картасы 2020 бағдарламасы» аясында соғылып, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында беріліп отыр. «Нұр-Жер» ЖШС жүргізген күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде стадионға жасанды алаңша төселіп, заман талабына сай жабдықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары