$ 498.34  519.72  4.85

Спорт бізді біріктіреді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Бәйдібек ауданында волейболдан турнир ұйымдастырылды. «Спорт - бізді біріктіреді» атты сайысқа түрлі сала өкілдері қатысты.

Дәрігерлер мен журналистер және аудан жастары арасында ұйымдастырылған бәсеке өте тартысты жағдайда өтті. Ойын тәртібін қадағалап, әрі әділ өтуіне №1 спорт мектебінің жаттықтырушылары төрелік етті. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуды көзедеген сайыста әсіресе, жастар жағы белсенділік танытты. Жарыс нәтижесі бойынша «Шаян газеті» ұжымы 1-орынды, аудандық емхана қызметкерлерінен құралған команда 2-орынды, ауыл жастарынан жасақталған команда 3-орынды иеленіп, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыста белсенділік танытқан жастар да құр алақан қайтпады. Олар арнайы «Дипломмен» марапатталды.Тәуелсіздік жылдары еліміздегі спорт саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұрын –соңды Қазақ елі туралы естіп-білмеген әлем елдері, тап осы спорттағы тарландар арқылы елімізді танып білді. Мемлекет басшысының спортты дамытуға бағытталған шаралары бүгінде жемісін беруде. Еліміз бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл-аймақтарда спорт залдары мен түрлі ойын алаңшалары бой тіктеуде. Бұл өз кезегінде ауыл жастарының уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтына үндейтін бастамалар.

ОРЫНБАСАР НҰРЛАНҰЛЫ – БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ «ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ» МКМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Қазіргі таңда ауылдарда тап осындай спорттық сайыстар өткізу дәстүрге айналған. Бүгінгі шара осының айғағы. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған сайыс жастардың басын біріктірген сайыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары