$ 480.55  533.75  5.36

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы боксшының Instagram парақшасында хабарланды.

Орта салмақтағы әлем чемпионы нокауттық көрсеткішінің аса жоғары болуына байланысты аталған кітапқа енген. Ол жекпе-жектерінің 91,67 пайызын уақытынан бұрын аяқтапты. Қазіргі таңда Г.Головкин WBA (Super), IBF, IBO және WBC чемпиондық белбеулерінің иегері. Шаршы алаңға 36 рет шыққан қазақстандық боксшы барлық кездесуінде жеңіске жетіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған.

Рекордтық сертификат Головкинге кеше WBC ұйымының жыл сайынғы конвенциясы кезінде салтанатты түрде тапсырылды. Сондай-ақ, қазақстандық боксшыға бұл кеште тағы екі марапат тапсырылды. Олардың бірі - Головкин мен Брук жекпе-жегінің жыл кездесуі атануы болса, екіншісі - Головкиннің үстемдігі үшін берілген марапат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары