$ 498.34  519.72  4.85

Спорттық турнир Тәуелсіздік мерейтойына арналды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қоғамның төртінші билік өкілдері мен баспа саласы қызметкерлері, блогерлер қауымы «Марс» фитнес-орталығының жабық алаңында бас қосты. Яғни, төртінші билік өкілдері шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Оған жалпы саны 12 команда қатысты. Турнир «Тұғырлы тәуелсіздік» тақырыбында өтті.

Еліміздің түпкір – түпкірінен келген 12 команда кәсіпқой футбол ережесіне сай тәртіппен жүлделі орындарды сарапқа салады. Басты мақсат – футболдың бұқаралық сипатын арттырып, сала мамандарының кәсіби біліктілігін шыңдау. Шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы республикалық ойын қыза түсуде. Жалпы бүгінгі додаға қатысуға 12 топ ниет білдірген. Олардың ішінде «Хабар», «Алматы», «Ернияз», «Жамбыл Облысы», «Қазақстан - Шымкент», «Қызылорда», «Фейсбук-юнайтед» «Уақыт», «Блогерлер», «Созақ» командасы, «Оң-кз» «Оңтүстік Қазақстан» командаларынан құралған  журналистер құрамалары қатысты. Биыл аталмыш турнир алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың ақтық сынына шыққан «Ериняз» бен  «Уақыттың»  ойыны 4:2 есебімен «Уақыт» пайдасына шешілді. Жарыс  қорытындысы бойынща бұл команда республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Ал, екінші орын «Ернияз» командасына тисе,  үшінші орын  «Қызылорда»  командасының еншісінде.

ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ -  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

- Жалпы мұндай турнирлер кез-келген салада болсын, кез-келген ортада елді бірлікке ынтымаққа жетелейді. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылып отырған бұл шара да осының бір дәлелі. Спорттық сайыс дені сау ұлттық тәні де жаны да сау деген биік мақсаттарды жүзеге асыру негізінде қолға алынды. Қызығушылық танытып қатысып жатқан командалар өте көп. Біз соған қуаныштымыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Спортшылар сынға түсті