$ 478.96  533.03  5.22

Бұқаралық спорт – баршаға

Шымкентте Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында жаппай сырғанау жарысы болып өтті. Мұздағы бәйге Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналды.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болған шараның негізгі қатысушылары – №8 қысқы спорт мектебінің шәкірттері. Байрақты жарыс Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Қаз-қатар тұрып, гимнді қосыла шырқаған балалардың көзінен  ұлттық әуенімізге деген құрмет байқалады. Бұқаралық жарыс 5 пен 15 жас аралығындағы 200 шақты жеткіншектің басын қосты. Олар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және хоккей ойыны бойынша сынға түсті.Жаттықтырушылардың айтуынша, жаппай сырғанау шарасы жасөспірімдерді қысқы спортқа тартуға бағытталған. Сырғанау шарасына қатысқан жас спортшылар болашақта биік белестерді бағындыруы мүмкін.  Өйткені, Шымкенттегі қысқы спорт мектебі 7 жылдың өзінде-ақ зор жетістіктерге жетті. Талай халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген ұландарды тәрбиелеуде. Жалпы еліміздегі спорт саласының дамуы, жаңа есімдер мен жаңа лептегі чемпиондардың шығуы – Тәуелсіз елдің 25 жылда жеткен жетістігі екенін  спорт саңлақтары жақсы түсінеді. Бүгінгі сайыстың барысында алғырлығы мен даралығы бойынша көзге түскен бірнеше спорт шеберлері жарыстың көркін қыздырды.

НҰРЖАН ҚАТАЕВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Өздеріңіз білесіздер, қазір Шымкентте қысқы спорт түрлері дамып келеді 1мин 24 сек 1 мин 48 сек Мұндай іс-шара жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ, оларды қысқы спорт түрлерімен айналысуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары