$ 498.34  519.72  4.85

Ауылдағы спорт сарайына әр кірді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылындағы спорт кешені күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аталмыш жөндеу жұмыстары ел нарығындағы өзіндік орынын қалыптастырып, индустрияландыруға жаңа серпін алып келген «Бал текстиль» кілем тоқу фабрикасының демеушілігімен іске асты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының ұдайы ел кәсіпкерлерінің жадына салып отыратын  үлкен мәнге ие бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы бүгінде көптеген ауылдардың ажарын ашып, әлеуметтік  нысандардың жаңаша бой тіктеуіне септігін тигізіп келеді.

Ғимараттың жөндеу жұмысатарына жалпы құны 25 млн теңге көлеміндегі қаржы құйылған. Спорт кешені орталықтандырылған жылу жүйесіне жалғанып, замануи талапқа сай құрылғылармен жабдықталды. Жаттығулардан соң жуынатын бөлмелер мен жазғы футбол алаңшалары да қарастырылған.

Жиынға арнайы ат басын бұрған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жиылған жұртшылықтың қуанышына ортақтасып, Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесімен құттықтады. Ел аман жұрт тынышта әлі талай игілікті істер атқарылатынын жеткізді. Бұйыртса аталмыш спорт кешенінде ауылдан шыққан спорт саңлақтары тыңғылықты жаттығу жұмыстарына қатысып, елдің мерейін әлем ареналарында үстем ететін болады. Шара соңы ауыл балалары арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары