$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте әкім кубогіне арналған жарыс өтті

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында  Шымкенттегі «Спорт лайф» манежінде шағын футболдан әуесқой командалар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогіне арналған жарыс өтті. Шара «Спорт жетістіктері» күніне орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты шараға қала әкіәмі Ғабидолла Әбдірахимов арнайы қатысты.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде, ойыншылары 40 жасқа дейінгілерді құрайтын командалар арасында «Бірлік» командасы жеңімпаз атанса, екінші орын «Юбилейный»  командасына бұйырды. Ал, 40 жастан асқандар арасында жүлделі бірінші орын «Айсат» командасына бұйырды. Екінші орынды «Академия» футболшылары олжалап қайтты. Барлық жүлдегерлерге арнайы бағалы сыйлықтар, кубоктар мен мебальдар табыс етілді. Айта кеткен жөн, осы күні Шымкентте бір мезетте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, мұзда сырғанау, хоккей, шахмат пен үстел теннисі және өзге де спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

«Спорт жетістіктері» күні аудан аймақтарында да белсменді түрде өтті. Мәселен, Мақтарал ауданында аудандық спорт және денешынықтыру бөлімініңұйытқы болуымен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада аудан әкімі Ғ.Исмаилов жылдың үздік бапкерлері мен спортшыларына үлкен құрмет көрсетті.

Айта кетейік, дәл осындай шағын футболдан жарыс шымкенттік журналистер мен блогерлер арасында да өткен болатын. Спорттық дода ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары