$ 480.55  533.75  5.36

Оңтүстікқазақстандық полицейлер спорттық жарыстарға қатысты

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам АІІБ-де Тұңғыш Президент күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық полиция қызметкерлері арасында шағын футбол мен арқан тартудан турнир өтті. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған жарысқа Сайрам АІІБ бөлімдерінен құралған 4 құрама команда қатысты.

Тартысты әрі қызықты жарыста бірінші орынды ЖҚАЖ арнайы бөлімінің құрама командасы, әкімшілік және көші-қон полиция бөлімдері иеленді. Екінші орынды Қарабұлақ елдімекенінің ЖПҚ учаскелік инспекторларынан құралған құрама команда қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Сайрам АІІБ тергеу және анықтау бөлімдерінің құрама командасы иеленді. Барлық жеңімпаздар кубок, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Одан соң, мерекеге орай Сайрам АІІБ бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов салтанатты түрде 20-дан аса полицейді ерен еңбектері мен кәсіби біліктіліктері үшін марапаттады. Ресми бөлімнен соң Тұңғыш Президент күніне орай мәдениет үйінің жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, тәуелсіздік мерейтойына орай облыс аумағында бірнеше спорттық шаралар ұйымдастырылған болатын. Олардың қатарында журналистер мен блогерлер арасында өткен шағын футболдан жарыс та бар. Тәуелсіздік кубогін сарапқа салған БАҚ өкілдері тек қаламмен емес, доппен де өзара бәсекелесе алатынын көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары