$ 498.51  522.84  4.81

ОҚО-да ұстаздар мен мемқызметкерлер футбол алаңында кездесті

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше іс-шара өтті. Атап айтқанда, жетісайлық ұстаздар мен Жетісай қаласының аппарат қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс жалауын көтерді. Оған 10 команда қатысып, үздіктерді анықтады.

Сайыс мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады, - дейді ұйымдастырушылар. Білім саласының біліктілері мен кәсіби мемлекет құрушылар Мақтарал ауданының №119 мектеп қабырғасында жарысты.

Төреші ысқырығы естілген сәттен бастап, ойыншылар қарсыластар қақпасына лап қойды. Мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындандыратын ұстаздар қауымы өздерін ойын барысында кәсіпқой футболшылардай сезінді. Жарысқа қатыcушылардың ойын мәнері жанкүйерлердің көңіліне қонды.  Жеңіске деген айрықша құштарлығын алаң төрінде де көрсете білді. Турнирде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған команда ғана үздік деп танылды. Жеңімпаздарға кубок пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше спорттық сайыстар өтті. Мәселен, Шымкентте журналистер мен блогерлер шағын футболда кім мықтыны анықтаса, оқушылар ұлттық спорт түрлерінен жарысты. Сондай-ақ, ішкі істер органдары мамандары, студенттер және мемлекеттік қызметкерлер де салауатты өмір салтын қалыптастырудың өзіндік үлгісін көрсетті. Айта кетейік, орын алған шаралардың барлығы «25 жұлдызды күн» акциясы аясында өтіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары