$ 480.55  533.75  5.36

Тәуелсіздік мерекесіне арналды

Сайрам ауданында футболдан жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дүбірлі сайысқа Мақтаарал, Шардара, Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы 7 команда қатысты.

Білікті басшы Ермек дәрменов басқаратын облыстық футбол мектебі ұйымдастырған жарыс тартысқа толы болды. Нәтижесінде бірінші орынды Қарабұлақ ауылының командасы олжаласа, екінші орын Сайрам ауданының құрама командасына бұйырды. Ал, үшінші орынды Төлеби ауданының футболшылары жеңіп алды. Талантты футболшылардың бағын ашқан жарыс жеңімпаздарына медаль, диплом және кубок тапсырылды.

Айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шағын футбол мен футбол турнирлері Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында дерлік өтіп жатыр. Мәселен, бұған дейін Шымкентте журналистер мен блогерлер арасында футзалдан жарыс өтті. «Тұғырлы тәуелсіздік» деген атау алған осынау турнирге барлығы 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, жарыс жеңімпазына 200 мың, екінші орын алған командаға 150 мың, ал үздік үштікті қорытындылаған спорт ұжымына 100 мың теңге сыйлық берілді.

Сондай-ақ, бұл күндері мемлекеттік қызметкерлер, өрт сөндірушілер және дін қызметкерлері де бір сәт жұмыстан қол үзіп, теңбіл доп ермек етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары