Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Шымкентте өрт сөндiру бөлiмдерi арасында волейболдан облыстық жарыс өттi. Облыстық төтенше жағдайлар департаментiне қарасты «Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi» мекемесiнiң басшысы Тұрдалы Кенжеқұлов ұйымдастырған сайыс тартысты өттi.
Салауатты өмiр салты насихатталған жарыста «Қаратау» шағынауданындағы №4 және №17 мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерiнiң қызметкерлерi жеңiмпаз атанды. Жеке құрам арасында ерекше көзге түскен қызметкерлер арнайы жүлделермен марапатталды. Атап айтсақ, №4 мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi Бағлан Әбдиев, Ерғали Ибрагимов, Дархан Жүкебаев және Ғалымжан Мықташов шеберлiгiмен дараланды. Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы, азаматтық қорғау майоры Қуаныш Арсланов мамандардың дайындығы әрдайым бақылауда екенiн айтты.
— Мықты өрт сөндiрушi болу үшiн мамандардың физикалық дайындығы да жоғары болуы тиiс. Алдағы уақытта да спортқа көңiл бөлiп, жiгiттердi шыңдап отырамыз, — дейдi ол
Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар спорттық жарыстар өтті. Түрлі маман иелері негізгі жұмыстарынан бір сәтке қол үзіп, спорттық алаңдарда өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Атап айтсақ, журналистер мен блогерлер, полицейлер, прокурорлар, дін өкілдері, өрт сөндірушілер және мұғалімдер шағын футболдан өзара турнирлер ұйымдастырып, мейрамның көркін қыздыра түсті.