$ 480.63  535.13  5.27

Мемлекеттiк қызметкерлер өзара жарысқа түстi

Бәйдiбек аудандық соты ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай мемлекеттiк қызметкерлер арасында волейбол, шахмат және тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырды.

Аудандық сот төрағасы А.Бекназаров қатысушыларды осынау айтулы мерекемен құттықтап, сәттiлiк тiледi.

Волейболдан өткен тартысты сайыстың қорытындысы бойынша «Бәйдiбек аудандық ветеринария бөлiмi» ММ-нiң командасы жеңiмпаз атанды.  Екiншi орынды аудандық соттың,  үшiншi орынды мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң командалары  иелендi.

Шахматтан аудандық соттың судьясы С.Байтенов жеңiске жеттi. Бәйдiбек ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасының маманы А.Әлиев –  екiншi, ветеринария бөлiмiнiң маманы Е.Рахиев үшiншi орынға ие болды.

Тоғызқұмалақтан өткен жарыста аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң маманы Н.Пiрназаров мықтылығын мойындатты. Аудандық ветеринария бөлiмiнiң маманы А.Жақыпбекке – II орын, аудандық соттың бас маманы С.Төлегеновке III орын  бұйырды.

Жалпыкомандалық есепте «Бәйдiбек аудандық ветеринария бөлiмi» ММ-нiң командасы I орынды иелендi. Екiншi орын Бәйдiбек аудандық сотының, ал, үшiншi орын аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi командаларының еншiлерiне бұйырды.

Спорттық iс-шараның барлық жеңiмпаздары кубоктар және дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар спорттық жарыстар өтті. Түрлі маман иелері негізгі жұмыстарынан бір сәтке қол үзіп, спорттық алаңдарда өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Атап айтсақ, журналистер мен блогерлер, полицейлер, прокурорлар, дін өкілдері, өрт сөндірушілер және мұғалімдер шағын футболдан өзара турнирлер ұйымдастырып, мейрамның көркін қыздыра түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары