$ 498.34  519.72  4.85

«Қайтыс болған құрбымды кездестірдім»: өлген адамдарды көретін қыздың бойын үрей басты

Адамға адам ұқсай береді деп аптығымды басамын. Десе де дəл мұндай құйып қойғандай ұқсастық болмайтын шығар, түсінбедім.

«Ойыма еріксіз оралған ойлар мен қиялдар, тіпті, бос сандырақтар өмірімде ойламаған жерден міндетті түрде орын алып жатады. Еріксіз ой!

Кейде ойлануға да қорқамын. Кімді ойлай қалған болсам, сол адам үйіме кіріп келеді немесе көшеде кезігіп қалады.

Кейде марқұм болып кеткен таныстарымның о дүниелік болғанын ұмытып кетемін.

Олар мен үшін əлі тірі сияқты сезіледі.

Бірде Түркістанның орталығында жүріп, көптен көрмеген ең жақын құрбымды көріп қалдым.

Күлімдеп, құшақ жая жүгірдім.

- Камшат, қалайсың? - деп тұрмын қуанып.

Ол одырайып қарады. Əлден уақытта тұла бойым өзінен-өзі суып сала берді.

КƏМШАТ осыдан біраз жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған еді ғой.

Ал бұл дəл сол Камшаттың нақ өзі еді. Бұл - бұл ма? Жақында аудандағы жұмыс бабымен араласқан үлкен ағамды көріп қалдым. Сəлемімді үзбейтінмін. Ол да мені танығандай күлімдеп қарап тұрды. Əлгі көкеге қарай аяңдадым. Қасына жақындағанда, тіпті, аяғым істемей қалғандай күй кештім. Аяқ-қолым дірілдеп, денем жансызданып кетті. Бұл кісі де өткен жылы қан қысымынан ойда-жоқта қайтыс болған.

Мұндай жағдай екі рет емес, осымен бірнеше мəрте қайталанды.

Адамға адам ұқсай береді деп аптығымды басамын. Десе де дəл мұндай құйып қойғандай ұқсастық болмайтын шығар, түсінбедім».

Дереккөз: Алаш Айнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тылсым дүние