$ 498.34  519.72  4.85

Қуыршақтар мекендейтін әлемдегі ең қорқынышты туристік орын анықталды

Діни қызметкер сол аралда қайтыс болды. Артында қуыршақтары қалды. Ол сол жерде өмір сүрген жалғыз адам еді.

Мехико қаласының жанында орналасқан қуыршақ аралы ең қорқынышты туристік орын ретінде танылды.

1950 жылдары аралда діни қызметкер Хулиан Сантана Баррера өмір сүрді. Ол өзінің діни көзқарасы үшін туған жерінен қуылғаннан кейін осында өмір сүрген. Бір күні ол суға батып бара жатқан қыздың айқайын естіп, көмекке асығады. Ер адам оны құтқармақ болғанымен, оны таба алмайды. Судан тек қуыршақты тауып алып, оны марқұмның естелігі ретінде ағашқа іліп қояды.

2001 жылы қайтыс болғанға дейін ол осы жайтты аңыз қылып айтып жүреді. Баррера арна суынан көптеген қуыршақтарды тауып алып, қыздың елесін тыныштандыру үшін оларды ағаштарға іліп қойған.

Діни қызметкер сол аралда қайтыс болды. Артында қуыршақтары қалды. Ол сол жерде өмір сүрген жалғыз адам еді. Туристер бұл жер туралы біліп, суға батып кеткен қыздың рухы әлі де жүреді деген қауесеттерге қарамастан аралға келе бастады.

Туристердің айтуынша, арал өте қорқынышты көрінеді. Қуыршақтардың бастары жерге жабысып тұрған таяқтарға орналастырылған. Баррераның аңызындағы қайтыс болған қыздың қайтыс болу фактісі дәлелденген жоқ, бірақ әлем елдерінен келген туристер аралға осы таңғажайып жерді көру үшін барады.

Дереккөз: Алаш айнасы 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары