Тылсым 08.09.2019 сағат 14:00

«Бұл елес емес, жын-пері ғой деймін»: баланың аяғынан тартқылаған сұлба бейнекамераға түсіп қалған (ВИДЕО)

Жұрттың қызығушылығын оятқаны сонша, тіпті, шетелдік БАҚ та ол туралы жазған екен.
«Бұл елес емес, жын-пері ғой деймін»: баланың аяғынан тартқылаған сұлба бейнекамераға түсіп қалған (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

АҚШ-тың Мичиган қаласында тұратын Роб Мосс Facebook парақшасында баласының бөлмесінде орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған видеоны жариялады. Оның айтуынша, кадрлардан елесті байқауға болады, деп жазады Sputnik.

«Елесті камераға түсіріп алғанымызға 96 процент сенімдімін. Ол таңертең төсегінде ұйықтап жатқан екі жасар ұлымның аяғынан тартқылады», – деп жазды ер адам.

Видео маусым айының соңында жарияланса да, жуырда ғана кең тарай бастады. Жұрттың қызығушылығын оятқаны сонша, тіпті, шетелдік БАҚ та ол туралы жазған екен.

«Бұл елес емес, жын-пері ғой деймін. Шам ұстап тұрған сияқты... Немесе жарық шашатын тағы бірдеңе», – деп жазды Facebook қолданушысы.

«Балаңды тезірек алып кет, қастарыңа алып жатыңдар», – деп кеңес берді тағы бірі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар