Лох-Несс көлінде көпметрлі жыланбалық өмір сүретін секілді, оны осы күнге дейін құбыжыққа теңеп келген, деп хабарлайды tengrinews.kz, «ТВ-звезда»-ға сілтеме жасап.
Лох-Несс көліндегі алып жаратылыстың видеосы жарияланды. Желі қолдаунышылары осы видеоның Шотландия суларында құбыжықтың бар екенін растайтын бірден-бір дәлел екенін айтады.
Жаңа Зеландиядағы Отаго университеттерінің мамандары видеода алып жыланбалық түсірілгенін растады. Оның ұзындығы он метрден асуы мүмкін. Жергілікті балықшылар кеңесі ғалымдардың осы пікірімен келіседі.
«Шындықты айту керек, сіз жыланбалық кейпінде алып нысанды көрген кезде бұл Лох-Несс құбыжығы деген ойға келетініңіз анық», – делінген видеоның сипаттамасында.
Видеоны 11 мың адам тамашалап үлгерген. Daily Star басылымының мәліметінше, көптеген адамдар мұның әйгілі құбыжық емес, жай ғана жыланбалық екеніне сенгісі келмейді.