$ 446.49  475.38  4.79

Ресейдің Красноярскідегі бөгеттің жабылуына байланысты 2 қызметкер ұсталды

Апат салдарынан жұмысшылар тұрып жатқан екі жатақхананы су басқан.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Ресейдің Красноярск өлкесінде алтын кеніштегі бөгеттің жабылуына байланысты кеніш директоры мен екі қызметкер ұсталды. Олардың үшеуі де апатқа байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылды, деп жазады Азаттық.

19 қазанға қараған түні Сейба өзенінде бөгет жарылып, ресми дерек бойынша, 15 адам қаза тапқан, 44 адам зардап шеккен, алты адам із-түзсіз жоғалған. Апат салдарынан жұмысшылар тұрып жатқан екі жатақхананы су басқан.

Аймақтық тергеу комитеті алтын өндіретін компанияға тиесілі су қоймасында екі бөгеттің жарылғанын хабарлады. Бөгет кеніштің технологиялық су қоймасын ұстап тұрған. Ведомство болжамынша, апатқа компанияның кен өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болуы мүмкін. Тергеу комитетінің өзге де болжамдары бар.

Комитет "қауіпсіздік ережесі сақталмағандықтан екі немесе одан да көп адамның өлуі" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Компанияның кеңсесінде тінту жүрді.

Билік Кургинский ауданында төтенше жағдай жариялады. 21 қазан қаза тапқандарды аза тұту күні ретінде белгіленді.

Алтын өндіретін кеніш "Сибзолото" холдингіне тиесілі. Бұған дейін "Ростехнадзор" басқармасына сүйенген "Интерфакс" агенттігі жарылған бөгеттің тіркеуден өтпегенін жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей