$ 494.87  520.65  4.91

«Тура 00:00-де тігін тігеді»: есігінде үнемі қара құлып тұратын бөлмедегі беймазалық

Кәдімгідей қызу тірлік жүріп жатыр. Тігін машинасының дыбысы сұмдық. Тапырлап жүр, анда-мында...
фото: ru.depositphotos.com
фото: ru.depositphotos.com

Facebook әлеуметтік желісінде Ақерке Әбіштегі есімді қыз өзі куә болған бір оқиғаны бөлісті. Айтуынша, ол бұрын жұмыс істеген жердегі бос тұрған бір бөлмеде тігінші қыздың аруағы жүреді екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Баяғыда бір ресторан-қонақүйде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген кезім. Екінші этажда қонатын бөлме болатын. Кейде ерінсе, жұмысшылар сонда қонып қалатын. Көбіне отбасы барлар қайтып кететін. Мен түнде қайтқанды ұнатпаймын. Содан үнемі қонып қалатынмын. Көбіне жалғыз өзім.

Содан бір күні түнгі 2-лерде біреу есік қағады. Ресторанды сыртынан құлыптап кетеді, ешкім кіре алмайды. Бұл қайсы десем, бір официант ертесіне ерте келетін болған соң қалып қойыпты. «Ақерке, ашшы! Қорқып жатырмын», - дейді. Ол күні Гүлзат деген кондитер апам екеуміз едік. Содан аштым. Гүлзат апай: «Не болды, қорыққаны несі?» -деп мазақтады. Ана балада түр жоқ. Бөлек мебельге отырды. Содан әңгімені бастады.

Бұрын сонда тігінші қыз өлтірілген бе, бірбәле, әйтеуір. Үшінші этажда үнемі құлып тұратын, ешкім мүлде ашпайтын бөлме болатын. Сонда ол қыз жабдықтарды тігетін болған екен. Сол жерде өлтірген-ау, біреулер... Тура 00:00 болғанда сол қыздың бөлмесінде тігін машинасы іске қосылып, таң атқанша тасыр-тұсыр, қызу тірлік жүретін көрінеді.

Ана жігітті мазақтап күлдім. Ертесіне ешкім қалмай, мен бүкіл ресторанда жалғыз қалатын болдым. Сонда ана жігіт: «Қорықпайсың ба?» -деді. Мен: «Көрерміз, жау алып жатса», - деп жалғыз қалдым. Бәрі сыртымнан құлыптап, кетіп қалды.

Тура 00:00 болғанда тасыр-тұсыр басталды. Сосын душқа түсіп болып, үшінші этажға көтерілдім. Есікте дәу қара құлып тұр. Бірақ, ішінде кәдімгідей қызу тірлік жүріп жатыр. Тігін машинасының дыбысы сұмдық. Тапырлап жүр, анда-мында... Мәссаған, бір сәт ішім қылп ете қалды. «Рас екен-ау», - деп бөлмеме барып жаттым. Ұйықтамадым. Таң атқанша тігін тікті анау да.

Ертесіне ана жігітке: «Айтқаның рас екен ғой», - дедім. Одан кейін де біраз уақыт жалғыз қалып жүрдім. Кейін кеттім ғой... Не түрлі нәрсе бар ғой өмірде», - дейді, өткенді есіне түсірген Ақерке Әбіштегі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары