04.02.2020, 11:40

«Тылсым құпиялар пайда болады» - ақпан айына арналған астролог болжамы

Фото: pixabay.com
Олар бір-біріне жақын жанға айналып, өз құпияларын ашады, немесе адамдар арасында көрінбейтін қабырға тұруы мүмкін.

Бізді ақпан айында көбірек ойлану мен әдеттегі қарым-қатынастардың өзгеруі күтіп тұр. Астролог Марина Скади Униан жұлдыздардың қыстың соңғы айында бізге не дайындағаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

3 ақпаннан бастап Меркурий Балық белгісіне өтеді және адамдар өз ойына батып, субъективті шындықты қабылдайды, тылсым құпиялар пайда болады дейді астролог.

Бұл кезеңде ішкі дауысты аса мұқият тыңдау керек, логикалық ойлаудан гөрі ішкі түйсікке көбірек құлақ асқан жөн. 8 ақпаннан бастап Венера Балықтың экзальтациясы белгісінен Тоқты белгісіне өтеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста өзгеріс пайда болады. Олар бір-біріне жақын жанға айналып, өз құпияларын ашады, немесе адамдар арасында көрінбейтін қабырға тұруы мүмкін.

16 ақпаннан бастап Марс Тауешкі белгісіне кіргенде, қызметке деген құштарлық артады, бірақ әлеуметтік белсенділік болмаса, адамдар өздеріне мәселе ойлап тауып алады. Соның нәтижесінде бір-бірінен алыстайды.

Тоқты

Өткір, тіпті, дөрекі сезімдерге берілгіш. Ең жақсы энергия көзін шығармашылықта немесе спортта таба аласыз. Симпатия мен антипатия бірден пайда болады. Бұл сезімдер әр түрлі болуы мүмкін: бір көргеннен ғашық болып, махаббат сезімі күтпеген жерден бұрқ етіп лаулап кетуі мүмкін. Стратегиялық жоспарлар құруға, өз мүмкіндіктерін мұқият бағалауға, тиімді іс-әрекеттерді есептеуге қабілетті. Егер нақты берілген мақсат болса, онда сізді ештеңе тоқтата алмайды.

Торпақ

Осы кезеңде өзіңізді ең тиімді жағынан көрсетесіз. Өз мүмкіндіктеріңізді, қасиеттеріңізді бағалағанына қатты мұқтаж болып жүресіз. Әйелдер жағы ел назары өзіне аумағанына ренжіп жүруі мүмкін, бірақ жаңа таныстықтар мен қарым-қатынастың келесі сатысына өтуіне себепші бола алады. Бұл уақытта ақша импульсивті тұрде жаратып отырасыз және қажет емес заттарға емес, қазіргі уақытта не ұнап жүр соларға жаратасыз. Осы кезеңнің негативі шамадан тыс эмоциялық сезімталдық, агрессивті жайттар, қызғаныш, бітпейтін керек емес күтімдер.  

Егіздер

Қыстың соңғы айында өткен-кеткен оқиғалар туралы, өзінің немесе жұрттың іс-әрекетін талдап, сараптама жасау арқылы көп ойға беріледі. Кейбір болмашы хабардың өзі санаңыздан көпке дейін шықпай жүріп алуы мүмкін және сіз оны ұзақ уақыт бойы ойлап, терең мағынансын табуға ұмтыласыз. Мұндай ой шырмауына түсу  көбінесе жұмыс істеуге көп кедергі келтіруі мүмкін. Осы кезеңде сіз барынша әсерленгіш болып кетесіз.  

Шаян

Өзіңізді басқару, энергияңыз бен мүмкіндіктеріңізді аса бағалау сынды қиындықтарға ұшырауыңыз мүмікн. Егер сізді қоршаған адамдарға жоғары талаптар қоятын болсаңыз, олардың ықыласы мен құрметін жоғалтып аласыз. Негізсіз қызғаныш пен билік сүйгіштік қасыңыдағы серігіңізбен жанжалдасуыға әкелуі мүмкін. Тәуекелге бел буып жасаған асығыс шешімнің соңы шығынға әкелуі мүмкін. Осының кесірінен айналаңыздың сенімінен айрылып, жұмыстан босатып жіберуі бек мүмкін.

Арыстан

Табысты және сұранысқа ие, сіздің қоғамдық қызметіңіз қызықты өтеді, қызметкерлер мен компаньондардың ынтасын арттыруға қабілеттісіз. Тартымды түр тұлғаңыз бен физикалық сымбатыңыздың арқасында сізге көп жерде көмегін беретін болады. Сіз басшылық, ықпалды тұлғалар мен демеушілер, әсіресе қарама-қарсы жыныстың өкілдері тарапынан өз жобаңызға материалды қолдау ала аласыз. Өзіңізге пайда әкелетін келіссөздерді сәтті әрі ың-шыңсыз жасайсыз.

Бикеш

Ақыл-ой еңбегі үшін бұл кезең өте қолайсыз. Жанжалдар көбейіп, пікір келіспеушілігі, қарым-қатынастағы қиындықтар, өз мүддеңіз бен көзқарасыңызды білдіре алмау - жақын адамдар мен әріптестер арасындағы байланысты орнатуға кедергі келтіреді. Бірақ өзіңізді кешіре алатын болсаңыз, туған-туыстарыңызбен, әріптестеріңізбен және басшылықпен жақындасуға мүмкіндік туады. Мемлекеттік мекемелерге баруды кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн.

Таразы

Сіз аса құмарлықпен қарама-қарсы жыныс өкілдеріне жоғары қызығушылық танытасыз. Оларға үлкен ерік-жігермен, ықыласпен және зор энергиямен қарайсыз, бірақ көбінесе жеке пайдаңызды жүзеге асыруды мақсат етесіз. Ал осының салдарынан серіктестермен қарым-қатынас күрделене түседі. Махаббатта әртүрлі себептерге байланысты көп шиеленіс болады. Осы кезеңде, сіз басқа адамдарды нашар түсінесіз, және бір көргеннен ғашық болуыңыз мүмкін. Осының кесірінен серігіңізді табу қиындай түседі.

Сарышаян

Сіз ел назарының ортасында боласыз. Өзіңізге сенімділік артып, ерік күші, бастаған ісіңізді жүзеге асыру қабілеті, сондай-ақ ақыл-ой қабілетіңіз жақсы жұмыс істей бастайды. Кедергілерден өту оңайырақ болады, ал жалпы мақсатшылдыққа салынып кетпеңіз. Өзін стресстік жағдайларға жеткізбеңіз. Сізді табыс ұзақ күте алмайтынын ескеріп, өзіңізді қолға алыңыз. Қарым-қатынаста, некеде өзіңзід жақсы етіп көрсету оң өзгерістерге әкелмейтінін жадыңызда ұстаңыз. 

Мерген

Орасан зор жоспарлар, өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс қолдануға мүкіндік бермейді. Жеңіл ойдан, алдамшы перспективалар пайда болады, бұл шығындарға әкелуі мүмкін. Қарапайым өмір салты, қоршаған адамдармен қақтығыстарға әкеледі. Қоғамдық қызметтегі кедергілер немесе оған байланысты жауапкершілік пен міндеттемелердің жүгі болуы мүмкін. Тек жеткілікті өзін-өзі ұстағанда, бастапқы сәтсіздікті кейбір жақсартуға айналдыруы мүмкін.

Тауешкі

Осы айда белсенді болыңыз. Өзіңізге деген сендімділіктен қызыққан істерді соңына дейін апарасыз. Егер сіз бірдеңені жүзеге асыруға бел бумаған болсаңыз, осы кезеңді пайдаланыңыз. Осы кезеңде кез келген қауіпті жағдайларға араласуға, ойланбастан іс-әрекеттер жасауға, асығыс шешім қабылдауға бейім боласыз. Істі жүргізген кезде қаржы амбициясына бейімділікке назар аудару керек. Қарсыласыңыздың мысы сізді басып, махаббатта да, жұмыста да жеңіп кетуі мүмкін. Тым адал болу мен кемелдікке ұмтылу көп нәрсеге кедергі келтіруі мүмкін.  

Суқұйғыш

Көшбасшы немесе басқару орынан отыруға мүмкіндік болады. Дәл қазіргі бар мүмкіндігіңізді пайдаланып, табыс пен лауазымыңыздың өсуі үшін істеу керек болған істі қолға алатын уақыт жетті. Табыс белсенді жұмыс жасап, тез шешім қабылдайтын адамдарға тән. Сізге өзіңізбен жұмыс жасап, әр түрлі қызметте өзіңізді сынап көріңіз. Өзіңіз армандап жүрген нәтижеге жету үшін қарым-қатынас шеңберін кеңейту қажет.

Балықтар 

Өзіңізді жоғары бағалау, ерік-жігеріңіз сізді ең позитивті тұрғыдан ынталандырады. Осы кезең қарым-қатынас және саяхат жеке мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сіздің өмір салтыңыз табысты сақтап қалатын идеяларыңызға сай келеді. Зияткерлік талпыныстары мен өзіңізді танытуға ден қою сізді өзгелерден ерекшелеп тұрады.

 

Тегтер: астролог