$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент тұрғыны ойыншық тапаншамен такси жүргізушісін тонаған

Шымкенттік полицейлер такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай қолға түсірді.

Оқиға Шымкент көшелерінің бірінде орын алған. Таксиге отырып, жүргізушісінен Сайрам ауылына дейін апарып тастауын сұраған күдікті жарты жолда көлікті тоқтатып, қару қолдану арқылы жүргізушінің бағалы заттарын тартып алған. Сонымен қатар, ол көлікті белгісіз бағытта айдап әкетіпті.

Күдікті азаматты іздеу мақсатында оңтүстікқазақстандық полицейлер арнайы операция жүргізіп, Төлеби ауданының аумағынан ұрланған көлікті тапты және күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол 1992 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны екен, бұрын сотталған. Айғақ зат ретінде полицейлер таксопарктің көлігі мен ойыншық тапаншаны тәркіледі.

Қазіргі таңда аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер мән-жайды анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары