$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстау мен БҚО-да екі бірдей ірі шенеунік парамен ұсталды

Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында екі бірдей ірі шенеунік пара алды деген айыппен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының мамандары өңірлердің ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау басқармаларынан өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков пен Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр қолға түскен. Олар өңірлердегі кәсіпкерлерге заңсыз қолдау көрсету үшін делдал арқылы пара алып отырған деп айыпталуда.

Шенеуніктер қазір өздеріне тағылған айыптарды мойындады дейді құқық қорғаушылар. Олардың сотқа дейінгі тергеу шаралары жеделдетілген режимде өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары