$ 474.72  515.17  5.58

ОҚО полицейлері Шымкенттегі ірі жол апатынан тек 1 адамның ауыр жараланғанын айтты

Шымкенттегі орталық көшелердің бірінде кеше жолаушыларға лық толы автобус пен Газель микроавтобусының соқтығысқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға куә болған "Отырар" телеарнасының тілшілері жараланғандардың көп екенін, жедел жәрдем станциясы 7 адамды ауруханаға алып кеткенін мәлімдеген еді. Алайда, ОҚО ІІД ауруханаға тек 1 адамның түскенін айтып отыр.

Оқиға 1 ақпан күні кешкі сағат жетілер шамасында Тәуке хан мен Аймауытов көшелерінің қиылысында орын алған. Соққының қатты болғаны сонша кейбір жолаушылар терезеден ұшып кетіпті. ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дәрігерлер оқиға орнында 8 адамға көмек көрсетіп, үйлеріне қайтарған. Ал, бір адамды ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға алып кетіпті.

Аталған жайт бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша іс қозғалған. Қоғамдық көліктердің екеуі де айып тұрағына жабылыпты. Полицейлер мән-жайды анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары