$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте колледж студентіне қорлық көрсеткен қатарласы тергеліп жатыр (ВИДЕО)

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда Шымкенттегі студентті қорлау видеосы жарияланған болатын. Мұнан кейін іске араласқан ОҚО ІІД мамандары аталған оқиңғаның биыл 29 қаңтарда қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде орын алғанын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, бейнероликтегі жәбірленген жас жігіт автотехникалық колледждің 1997 жылғы 4-курс студенті екен, ол Сарыағаш ауданының тумасы. Ал, шұғыл іздеу шаралары барысында ұсталған күдікті 1999 жылы туған Бәйдібек ауданының тумасы болып шықты. Кәсіби-техникалық колледждің 18-ге толмаған студенті бұған дейін де сотты болған. Сондай-ақ, ұрлық дерегі бойынша 3 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен іздеуде болған.

20 жастағы жәбірленуші полицияға арыз түсіруден бас тартып отыр. Айтуынша, жай әзілдеген көрінеді, ал оны "қорлап" жатқан жігіт досы екен. Дегенмен, полицейлер бұл істің мән-жайын анықтауда. Күдікті ата-анасының қарауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары