Маңғыстау облысындағы ГМ-172/6 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 28 педофил жазасын өтеп жатыр деп жазады Tumba.kz арнайы есеп бөлімінің басшысы Айдар Денеевке сілтеме жасап.
- 2012 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта сотталған 28 педофил осы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Олар 16-40 жас аралығындағы ер азаматтар. Жазаларының мерзімі әр түрлі, қылмысының ауырлығына байланысты, яғни 10-15 жыл аралығында", - дейді А.Денеев.
Арнайы есеп бөлімінің басшысы мәлімдегендей, сотталған педофилдердің тең жартысы Ақтау қаласының тұрғындары болған. Тек 2016 жылы облыста 5 педофилге үкім шығыпты.