$ 498.34  519.72  4.85

Алматы әуежайының қызметкерлері жолаушылардың жүктерін ұрлаумен айналысып келген

Алматы әуежайында жолаушылардың ақшалары мен бағалы заттары жиі жоғала бастаған. Көліктегі ішкі істер департаменті анықтағандай, әуежайдың 4 қызметкері сөмкелерге тонауды кәсіпке айналдырыпты.

Тәртіп сақшыларына соңғы рет 6 ақпан күні 23 жастағы жолаушы шағымданған. Ол 3 ақпан күні өз жүгінің арасына жасырылған 3100 АҚШ долларының жоғалғанын айтыпты. Ақшасының ұрланғанын тек Ашхабад қаласына барған кезде ғана білген.

Арыз түскен күні әуежайдағы желілік полиция қызметкерлері әуежайдың үш жұмысшысын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысында белгілі болғандай, олар күндізгі ауысымда жұмыс істеп, жүктерді қабылдап-өткізумен айналысқан екен. «Алматы-Ашхабад» рейсінің жүктерін ұшаққа салмас алдын күдіктілер сөмкелердің бірінің аузын ашып, ішіндегі 3100 долларды қолды еткен және өзара теңдей бөлісіп алған. Үш күн ішінде олар банктегі несиелерін жауып, қалғанына казино ойнап үлгеріпті.

Күдіктілер өздеріне тағылған айыпты мойындарына алды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағы (ұрлық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары