$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да көршісінің қызын зорлаған педофил 15 жылға соталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында педофил деп айыпталған жергілікті тұрғынға үкім шықты. Жасөспірім қызды зорлағаны үшін 50 жастағы Мақтарал ауданының тұрғыны 15 жылға сотталып отыр деп жазады Otyrar.kz.

Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, өткен жылдың қыркүйек айында күдікті досымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Араққа сылқия тойған ол көршісінің үйіне кіріп, ұйқыда жатқан 13 жасар қызын зорлаған.

Тәртіп сақшылары педофилді келесі күні таңертең өз үйінен қалың ұйқыда жатқан жерінен ұстады. Ол мас болғаны сонша, күні кеше не істегенін білмейтінін айтып ақталмақ болған. Алайда, айғақ заттар жеткілікті болғандықтан сот оны ұзақ мерзімге қамауға үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары