$ 439.43  473.31  4.82

Қостанайда танымал дәрігерді азаптап өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Қостанайда облыстық психдиспансердің бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдікпен үш азамат ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Полицейлердің мәліметінше, арнайы құрылған жедел тергеу тобы қылмыстың қалай жасалғанын толықтай анықтап, сот-психиатриялық сарапшыны өлтіруі мүмкін үш күдіктіні қолға түсірген. Тергеу барысында марқұмды не үшін және қалай өлтіргені белгілі болыпты.

Қазіргі таңда ұсталған үш азамат та қамауға алынып, тергеуден өтіп жатыр.

"Қазіргі таңда күдіктілерге тағылған айыптарды толықтай дәлелдейтін өзге де фактілерді анықтау және қылмыстық топқа қатысты өзге мүшелерін ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

Естеріңізге салайық, Қостанай өңіріне танымал дәрігер Рашида Сандыбаеваны қаскөйлер 20 ақпан күні өз үйінде азаптап өлтірген болатын. Оның денесінен 30-ға жуық пышақ іздері табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары