$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбелік полицей ұрлықпен айналысқан

КТК телеарнасының хабарлауынша, 27 жастағы полицей Алтынбек Қалауов сүйіктісінің құрбысымен танысып, кейін үйіндегі құнды заттарын қолды қылды деп айыпталуда.

Енді қолының сұғанағы бар офицер сот алында жауап беріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, тәртіп сақшысы сүйіктісінің сыныптастарымен сауық кешіне барады. Сол жерде қыздардың бірінен пәтерінің кілтін ұрлап алған. 10 күн өткен соң жәбірленушінің баспанасына еркін кіріп, бес миллион теңгенің алтын әшекейлері мен 4 құндыз тонын алып кетіпті. Оны базар маңындағы дүңгершіктерге өткізген. Айта кету керек, қолды болған әшекейлерді алтынынан айырылған қыздың шешесі тауып алып, артынша күдікті де анықталған.

Зибагүл Есенбекова, жәбірленушінің анасы:

Базарға ет алуға барған едім. Қайтар жолда дүңгершікте ұрланған қызым мен өзімнің әшекейлерімді көріп таң қалдым. Сол бойда тергеушіге хабарласып, алтынды мұнда кімнің тапсырғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары