$ 444.22  476.38  4.82

Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне тағылған айыптардың ешбірін мойындаған жоқ

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырды деген айыптармен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Медеу аудандық №2 сотында "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша басты соты отырысы өтіп жатыр. Айыптау актісі оқылғаннан кейін судья "Тоғыз сотталушы кінәсін мойындай ма?" деген сұрақ қойды. 

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов: "Жоқ, мойындамаймын".

Режиссер Талгад Жәнібеков: "Жоқ, мойындамаймын".

"Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина: "Кінәмді толықтай мойындаймын".

"Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі директоры Гауһар Ысқақова: "Атқарылған жұмыстардың актілеріне тексерусіз қол қойғанымды мойындаймын".

Картина редакторы Гизат Сұлтанов: "Мойындамаймын".

Жеке кәсіпкер Илья Коробейников: "Ішінара".

Картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев: "Ішінара".

"Феникс" фильмінің дайындық кезеңіндегі түсірілім тоыбының директоры Мәрлен Әбішев: "Толықтай мойындаймын".

ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров: "Мойындамаймын". 

Айта кетейік, осымен бірнеше жыл бойы "Феникс" фильміне қатысты дау тоқтайтын емес. 2015 жылы белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министріне киноны түсіру жұмыстарына кедергі жасағаны үшін айып тапқан еді. Олардың айтуынша, ведомство қаражатты дер кезінде аудармаған. Кино түсірушілер тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдаған еді. Олар Президенттен осы жобаны қаржыландыруға қатысты мәселені шешуге көмек сұраған болатын. Ал кейінірек мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғаларының қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануына қатысты тергеу жұмыстары басталды. 2016 жылы Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынын жемқорлықпен айналысты деп айыптаған еді, алайда соңында режиссердің өзіне айыппұл салынды. Содан күз айында Жемқорлыққа қарсы қызметтің Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғад Жәнібековке қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды. Оларға фильмді түсіруге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдік келді. Кейінірек осы қылмыстық іске қатысы бар делінген басқа фигуранттар анықталды.

2017 жылдың 9 наурызында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғад Жәнібеков, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, "Феникс" фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары