$ 498.34  519.72  4.85

Қылмыс әлемінің серкесі Еркін Ізбасар тергеу абақтысында тағы 1 ай отырады

"Четыре брата" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарды қамауға алу мерзімін сот тағы бір айға созды деп хабарлайды Ақтөбе облысық сотының баспасөз қызметі.

"Еркін Ізбасарды қамауда ұстау мерзімі 3 наурызда тағы бір айға созылды. Осылайша ол қамауда 7 сәуірге дейін отыратын болады", - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, осынау іс бойынша қазір 22 адам тергеуге алынған. Бұған дейін хабарланғандай, олардың қатарында "Транзитойл групп" ЖШС директоры Н.С.Ноғаев, "Нұрторғай" компаниясының директоры С.Б.Жүсіпов және Белорус елінің Куцевич есімді азаматы бар.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың желтоқсанында ҰҚК өкілдері Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросымен және ішкі істер органдарымен бірігіп, Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысты деп күдіктелген қылмыстық топтың жолын кескен болатын. Алғашында құқық қорғаушылар 12 адамды ұстаған болатын. Олардың арасыда "Четыре брата" деп аталып кеткен қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасар да бар. Ол осынау қылмыстық жүйені ұйымдастырды деп айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары