$ 439.43  473.31  4.82

Жалған терроризм бабымен сотталған қарағандылық мұғалімнің мерзімі қысқарды

Қарағанды облысы Абай аудандық соты терроризм туралы жалған мәлімет таратты деп сотталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактің сотталу мерзімін қысқартты деп жазады Informburo.kz.

Соттың мәліметінше, Пак жазасын өтеп жатқан Абай ауданы Қарабас ауылындағы АК-159/18 түзеу мекемесінің басшылары аудандық сотқа өтінішпен шығып, Юрий Пактің жазасын рақымшылық аясында жеңілдетуін сұрапты.
"2016 жылдың 10 наурызында Абай аудандық сотының төрағасы Миханова Гүлнар Серікқызының қаулысымен өтініш қанағаттандырылды. Сотталушы Юрий Пактің өьелмеген мерзімінің 1/4 бөлігі, яғни 5 ай 12 күні қысқартылды", - делінген аудандық сот таратқан хабарламада.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ. Алдағы 15 тәулік ішінде сотталушы қайта шағымдана алады.

Естеріңізге салайық, мектеп мұғалімі терроризм туралы жалған мәлімет таратты деп айыпталып, 2 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Атап айтқанда, ол 2015 жылы 14 сәуірде Қарағандыдағы Орталық әмбебап дүкенінде бомба бар деп құқық қорғау органдарына қоңырау шалған. Алайда, педагогтың өзі тағылған айыппен әліге дейін келіспей отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары