$ 448.56  478.03  4.79

11 жасар Өркен Азаматұлының өліміне қатысты ұсталған өгей анасын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Биыл қаңтар айында орын алған осынау қанды қылмыс бүкіл елді дүрліктірген болатын. Із-түссіз жоғалып, кейін азаптап өлтірілген денесі табылған Өркеннің өліміне қатысты күдіктілерді полиция ізін суытпай ұстады. Басты күдікті - өгей анасы, ал қылмысты жүзеге асыруға көмектескен марқұмның өгей бауырлары.

Күдіктілердің бәрі тергеу аяқталғанша 2 айға қамауға алынған болатын. Бүгін белгілі болғандай, 37 жастағы Шәрипа Ақбердиева мен оның сыбайластарын қамауда ұстау мерзімін сот тағы бір айға созыпты.

"Қарасай ауданының соты 18 наурызда Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың барлығын қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы шешім шығарды", - дейді соттың баспасөз қызметі өкілдері. 

Осылайша, Шәрипа Ақбердиева, оның ұлы Темір Ақбердиев, қызы Айдана Ақбердиева және Қайраттың інісі, кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямов, сондай-ақ такси жүргізушісі Руслан Мұталиев тергеу абақтысында сәуірдің 22-не дейін қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары