$ 494.87  520.65  4.91

Венада Интерпол Бас Ассамблеясының 91-сессиясы өтті

 

Шетелдегі қылмыстық активтерді қадағалау, олардың бенефициарлық иелерін тексеру және оларды қайтару тетіктерін әзірлеу бойынша ақпарат алмасудың бірлескен алгоритмі әзірленді.

 

Фото: Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің және Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық бюросының өкілдері Венадағы (Австрия) Интерпол Бас Ассамблеясының 91-сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл Бас Ассамблеяға 160 елдің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Интерполдың арнайы жұмыс тобы активтерді іздеу және қайтару бойынша жаңа «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» құралдарын енгізу бойынша пилоттық жобаны таныстырды.

Жоба 2024 жылы іске қосылады. Аталған құрал қатысушы елдерге қылмыстық активтерді табуға, тексеруге, тыйым салуға және тәркілеуге мүмкіндігін береді деп күтілуде. Қазақстандық делегация бұл жобаға қатысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Бас Ассамблеяның «алаңдарында» Активтерді қайтару жөніндегі комитеттердің өкілдері Интерполдың Қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының (INTERPOL Financial Crime and Anti-Corruption Centre) жауапты офицерлерімен кездесулер өткізді.

Шетелдегі қылмыстық активтерді қадағалау, олардың бенефициарлық иелерін тексеру және оларды қайтару тетіктерін әзірлеу бойынша ақпарат алмасудың бірлескен алгоритмі әзірленді.

Бұдан басқа, Австрия, Молдова, Латвия, Түркия және басқа елдердің Интерпол өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді.

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару міндетінің мәтінінде қылмыстық активтерді заңдастыруға, сыбайлас жемқорлыққа, салық төлеуден жалтаруға және басқа да қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары