$ 439.43  473.31  4.82

Мемлекетке 400 млн теңгеден астам залал келтіргендер анықталды

Тек Алматы қаласы бойынша 160 ұқсас факт анықталған. 

 

Фото: Бас көлік прокуратурасы
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Бас көлік прокуратурасы автомобильдерді әкелудің «теріс схемаларын» анықтады. Яғни, шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке орасан зор залал келтірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың басынан Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды.

Бұл процедураны қайда және қандай құжаттармен өткізуге болатындығы туралы егжей-тегжейлі Нұсқаулық бірнеше рет көпшілікке жеткізілді.

Алымның бір реттік мөлшерлемесі 200 мың теңге көлемінде айқындалды. Алайда, көлік прокурорлары анықтағандай, қаскүнемдер бұл жағдайды Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да пайдаланды. Мемлекетке келтірілген алдын ала залал 400 млн теңгеден астам. Басқа аймақтарда тексеру жалғасуда, – делінген прокуратураның хабарламасында.  

Мәселен, биыл 13 сәуірде осындай жосықсыз азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз Республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, «Toyota Highlander» маркалы шетелден әкелінген машинаны қазақстандық есепке тіркеген.

Олардың нақтылығына прокурорлар американдық сайттармен мәліметтерді салыстыру арқылы көз жеткізді, бұл аталған көліктің 2022 жылдың 12 қазанында «Copart» аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгенін көрсетті.

Осы мән-жайларды жария етудің негізгі шарттары мен мерзімдері туралы біле отырып, жеке тұлғалардың 2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік төлемдерді төлеуден жалтарған белгілерінің бар екендігін тікелей көрсетеді.

Тек Алматы қаласы бойынша 160 ұқсас факт анықталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары