$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жезөкшелік қызмет ұсынған 24 сайт бұғатталды

Полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 52 азамат пен 2 жеңгетайды полиция басқармасына жеткізді.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Шымкент полициясы жезөкшелік қызмет ұсынған 24 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар өз қызметін ұсынған интернет-сайттарды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері «STOP-трафик» профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Олар «Кибернадзор» бағдарламасының көмегімен бұғатталды.

Үш күннің қорытындысы бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 52 азамат пен 2 жеңгетайды полиция басқармасына жеткізді.

Сонымен қатар шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 22 адам жауапқа тартылды. Осы кодекстің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін жалға үй-жай берген 9 адамға айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары