12.12.2023, 15:20

Petrosun компаниясына 500 млн теңге айыппұл салынды

Фото: depositphotos.com

Жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталды.

Алматы қаласының прокуратурасы «Petrosun» ЖШС қызметінен үстемдік жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тексеру барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталды, бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган өңделмеге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн. теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекеттік бюджетке төленді.