$ 449.88  486.64  4.83

Қазақстан халықаралық су ағындарын пайдалану туралы конвенцияға қосылды

Құжат 1997 жылғы 21 мамырда Нью-Йоркте жасалған.

Фото: arasha.kz
Фото: arasha.kz

Мәжіліс жалпы отырыста Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялады. Құжат 1997 жылғы 21 мамырда Нью-Йоркте жасалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге айтарлықтай зиян келтіруді болғызбау үшін барлық тиісті шараны қабылдайды.

Су ағыны мемлекеттері су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы оңай қолжетімді деректермен және ақпараттармен тұрақты негізде алмаса алады. Сонымен қатар су ағыны мемлекеттері бір-біріне консультация береді, халықаралық су ағынының жай-күйі үшін жоспарланатын шаралардың ықтимал салдары туралы келіссөздер жүргізе алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары