$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде меморгандар арасындағы дауларды Үкімет шешетін болды

Сондай-ақ «әкімшілік акт» ұғымына жаңа анықтама беріледі. 

Фото: ҚР Үкіметінің сайты
Фото: ҚР Үкіметінің сайты

Мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке беріледі. Депутаттар жалпы отырыста әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заң жобасында жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық-процестік кодекстен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске ауыстыру көзделген. Мемлекеттік органдар арасындағы, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке бекітіп беріледі.

Сондай-ақ «әкімшілік акт» ұғымына жаңа анықтама беріледі. Нақты бір жағдайда (жол белгілері, санитариялық дәрігерлердің қаулылары) айқындалатын көпшілік кеңінен қамтылған адамдар топтарына арналған актілерді әкімшілік актілер қатарына қосу арқылы осы ұғымның мазмұнын кеңейту ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары