$ 494.87  520.65  4.91

Адвокат: Бишімбаев Нүкенованы үш-ақ рет ұрған, басқа уақытта ол қымбат киім мен әшекейде жүрді

Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз жалғасуда. Сөз Бишімбаевтың тағы бір қорғаушысы Ғазымжанов сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Бишімбаев оны (ред. Нүкенованы) үш рет қана ұрды. Олар демалып, қалаған жерлеріне барып, жегісі келгенін жеп, қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдар тақты. Бұл жағдайда ұру тек қана үш рет болған.  Ендеше әр отбасына араласып, әйелімен ұрысқан күйеуін 4-7 жылға соттайық", – деді адвокат.

Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты. 

"Егер сіз осындай мәлімдемелерге тағы бір рет жол берсеңіз, сот соған сәйкес әрекет етуге мәжбүр болады", – деді төрағалық етуші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары