$ 441.58  480  4.86

Есірткі қылмысымен айналысқандар өмір бойына бас бостандығынан айырыла ма? ІІМ түсіндірді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жасырын зертхана ашып, есірткі өндірген азаматтарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Күшті әсер ететін заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылау қатаңдатылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жасырын зертхана ашып, есірткі өндірген азаматтарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

Есірткіге қарсы күрес туралы түзетулер аясында Қылмыстық кодекс күшті әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікке тартумен (301-бап) толықтырылады. Сондай-ақ күшті әсер ететін заттар және прекурсорлармен жұмыс істеу қағидаларын сақтауға міндетті адамдардың осы қағидаларды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені үшін де қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі. Ол үшін Қылмыстық кодекстің 300-бабын «қылмыстық топтың құрамында» және «аса ірі мөлшерде» секілді квалификациялық белгілермен толықтыру ұсынылады.

«Біз жасырын есірткі зертханасын ашатындар үшін жауапкершілікті арттырдық. Бұл бірінші оқылым, мәселе әлі талқыланады», - деді Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары Мәжіліс отырысынан соң.

Бұдан бөлек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 174-бабына есірткі тұтынуына байланысты мәжбүрлі емдеуден өткен адамдарды клиникадан шыққаннан кейін динамикалық бақылауға алатын және онда міндетті қолдау бағытындағы емдеуден өтетін өзгерістер енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары