$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың апелляциясы судьялардың қарауына берілді

Бұл туралы Астана қалалық сотының ақпаратында айтылған.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы сотқа келіп түскені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Астана қалалық сотының ақпаратында айтылған.

Сот процесінің басталу күні әлі белгіленбеген. Оны апелляциялық алқа төрағасы тағайындауы керек. 

Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада «кісі өлтірді» деген айыппен ұсталған. 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары