$ 494.87  520.65  4.91

Бопсалаумен айналысқан екі блогер қамауға алынды

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары