$ 494.87  520.65  4.91

Мешімбаева адвокатының кассациялық шағымы қабылданбады

Кассациялық сот алқасы Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

– Кассациялық сот алқасы Астанадағы Есіл аудандық №2 cотының үкімі мен Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелациялық сот алқасының Мешімбаеваға қатысты қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, адвокаттың кассациялық шағымы қабыл алынбасын, деп қаулы етті. Заң күшіне жарияланған уақыттан бастап енеді, – деді Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Барпибаев. 

14 наурызда Астанадағы Есіл аудандық №2 cоты судьясының шешімімен Статистика агенттігінің бұрынғы басшысына мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеу үкімі шығарылған еді. Сот Мешімбаеваны ҚР Қылмыстық кодексінің «Жымқыру» және «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» баптары бойынша айыпты деп таныған болатын. 

Статистика агенттігінің экс-төрайымына  қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қаңтарында қозғалған еді. Ол ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 700 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Кейін Статистика агенттігінің экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Сот талқылау барысында ол тергеуден жасырынбағанын және іздеу жарияланған уақытта Мәскеуде астыртын тұрғанын айтты. Ол сол жақтан ұсталып, 2013 жылдың қыркүйегінде Мәскеуден Қазақстанға экстрадициялан-тын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары