$ 443.85  474.3  4.8

Нарынқолда шекарадан заңсыз өткен қытайлар ұсталды

«Нарынқол» шекара заставы аймағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтпек болған ҚХР-ның азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Алматы облыстық прокуратурасы сайтының жазуынша, ұсталған азаматтардың ешқайсысында жеке бастарын растайтын кұжаттары болмаған. Мемлекеттік шекараны рұқсатсыз бұзып өткендерді Алматы облысы Райымбек ауданы «Нарынқол» шекара комендатурасы «Уртенсай» шекара заставасының «Дозор» шекара наряды шекарадан 7500 метр жерде ұстаған.

Райымбек ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен әлгі азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 330 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары